Оқиға Aqueduct ипподромында бір мильдік жарыс кезінде болған. Заяс Глинт есімді атпен жарысқа қатысып, трассаның сыртқы жолағына шығуға тырысқан. Сол сәтте аты алдындағы аттың аяғына сүрініп, кілт тоқтап қалған.

Салдарынан жокей аттың басынан асып ұшып түсіп, жерге құлаған. Ал Глинт шабысын шабандозсыз жалғастырған. Куәгерлердің айтуынша, бәрі бірнеше секунд ішінде болған және жағдай бұдан да ауыр аяқталуы мүмкін еді.

Абырой болғанда, спортшының беті мен қолы аздап сырылып қана қалған. Ат та ешқандай жарақат алмаған. Кейін Эдгард Заяс әлеуметтік желіде барша қолдау білдірген жандарға алғысын айтты.

Мұндай оқиғалар ат спорты әлемінде кейде ауыр салдарға әкеледі. Жуырда Австралияда жаттығу кезінде тәжірибелі жокей Шейн Макговерн қаза тапқан болатын. Ол құлаған аттың астында бірнеше сағат қалып, ауыр жарақат алған.