Алдын ала мәлімет бойынша, турнирді Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткізу жоспарланып отыр. Қазір тараптар ұйымдастыру мәселелерін, UFC-дің аренаға қоятын талаптарын, қауіпсіздік шараларын, логистика мен іс-шараны қаржыландыру мәселелерін талқылауда.

Егер келісімге қол жеткізілсе, Қазақстан UFC-дің толыққанды турнирін қабылдайтын Орталық Азиядағы алғашқы ел атанады. Бұл қазақстандық файтерлердің ұйымдағы танымалдығы артып келе жатқан кезеңде ерекше маңызға ие. Қазір UFC-де Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Бекзат Алмахан және басқа да қазақстандық спортшылар өнер көрсетіп жүр.

Әзірге турнир туралы ресми хабарландыру жарияланған жоқ. Алайда спорттық ортада бұл келіссөздер маңызды кезеңге жеткені айтылып жатыр.