Кездесу Рыбакина үшін сәтті басталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы сетте бастаманы өз қолына алып, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 55-орында тұрған Стародубцева 37 минут ішінде небәрі үш геймде ғана жеңіске жетті.

Алайда кейін матчтың барысы түбегейлі өзгерді. Екінші сетте Рыбакина бірнеше күтпеген қателік жіберіп, оның ішінде екі рет қос қателікке жол берді. Нәтижесінде ол тек бір геймді ғана ұтып, сет 1:6 есебімен аяқталды.

Шешуші сет нағыз тартысқа толы болды. Қазақстандық теннисші 0:3 есебімен қалып қойғанымен, қайта қарқын алып, есепті теңестіріп, тай-брейкке дейін жеткізді. Дегенмен шешуші сәтте Стародубцева дәлірек ойнап, тай-брейкте 10:4 есебімен басым түсті.

Матч 2 сағат 30 минутқа созылып, Елена Рыбакинаның 6:3, 1:6, 6:7 есебімен күтпеген жеңілісімен аяқталды.

«Ролан Гаррос» Рыбакина үшін әлемнің үздік теннисшілерінің бірі болғанына қарамастан, әлі де ең қиын турнирлердің бірі болып қалып отыр.