Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, жағдай толық реттеліп, жаңа келісімшарттың барлық тармақтары тараптардың келісімімен бекітілген. Бұған дейін жалақы төлемдерінің кешіктірілуі мен KPI көрсеткіштеріне қатысты келіспеушіліктер қазақстандық қоғамда кең талқыланған болатын. Алайда жаңа олимпиадалық циклге көшуге байланысты туындаған бюрократиялық мәселелер жедел шешілді.
Енді Михаил Шайдоров жаңа маусымға толыққанды дайындықты тұрақты қаржыландырумен және медициналық қолдаумен жалғастырады. Айта кетейік, бұған дейін спортшы кешіктірілген жалақысын Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылыққа аударуға уәде берген болатын.





