ШҚО әкімдігінің мәліметінше, өңірде 428,7 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдары жиналған. Тағы 488,9 мың тоннаны майлы дақылдар құрады.
Осылайша, жиналған өнімнің жалпы көлемі 917 мың тоннадан асты. Ең жоғары көрсеткіш майлы дақылдарға тиесілі.
Облыста егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Бидай 151,5 мың гектар алқаптан жиналды, бұл жоспардың 98,5%-ын құрайды. Орташа өнімділік гектарына 16,3 центнер болды. Жалпы 246,7 мың тонна бидай бастырылды.





