25 қарашада Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан Shenzhou-24 басқарылатын ғарыш кемесі ұшырылды. Оның бортында миссия командирі Тан Хунбо, бортинженер У И және пәкістандық астронавт Мұхаммад Зишан Әли бар.

40 жастағы Әли Қытайдың «Тяньгун» орбиталық станциясына барған алғашқы шетелдік астронавт атанды. Миссия аясында ол биотехнология және материалтану салаларындағы ғылыми зерттеулерге қатысады.

Қытайдың CMSA ғарыш агенттігінің мәліметінше, бағдарлама аясында Қытай мен Пәкістанның бірлескен төрт ғылыми жобасы қарастырылған. Атап айтқанда, Әли фотосинтез процесіне қатысатын цианобактериялармен тәжірибе жүргізеді.

Бұл миссия Қытайдың басқарылатын ғарыш бағдарламасы тарихындағы қытайлық және шетелдік астронавттардың алғашқы бірлескен ғарыш сапары болды.