ІІМ мәліметінше, жаңартылған төлқұжаттың жаңа дизайны әзірленіп жатыр. Бірақ құжаттың соңғы нұсқасы мен оның ресми таныстырылымының нақты мерзімі әзірге жарияланған жоқ.

Министрлік азаматтарға қолданыстағы төлқұжаттарын мерзімінен бұрын ауыстырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Барлық берілген төлқұжаттар жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін заңды күшінде қалады. Сондықтан тек дизайн өзгергені үшін ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ.

Сонымен қатар ІІМ 2026 жылы төлқұжат рәсімдеуге арналған мемлекеттік баж мөлшерін еске салды.

  • 36 беттен тұратын стандартты төлқұжат — 34 600 теңге (8 АЕК);

  • 48 беттен тұратын төлқұжат — 51 900 теңге (12 АЕК);

  • 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттік төлқұжат — 17 300 теңге (4 АЕК).

Әзірге жаңа дизайнда қандай өзгерістер болатыны белгісіз. ІІМ құжаттың сыртқы безендірілуі, қорғаныс элементтері мен енгізілетін жаңашылдықтар туралы ақпаратты жариялаған жоқ. Барлық мәлімет жаңартылған төлқұжаттың ресми таныстырылымынан кейін белгілі болады.