Мәліметке сәйкес, елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Медициналық ұйымдар тұрғындарға уақтылы көмек көрсету және инфекциялардың таралуына жол бермеу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Қала емханаларында сүзгі кабинеттері мен шұғыл көмек кабинеттері жұмыс істейді. Онда тыныс алу жолдары ауруларының белгілері бар науқастар тексеріліп, қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі.

Кабинеттердің жұмыс кестесі:

  • жұмыс күндері – 08:00-ден 20:00-ге дейін;

  • демалыс және мереке күндері – 08:00-ден 18:00-ге дейін.

Тұмаудың алдын алудың негізгі шараларының бірі – вакцинация. Сонымен қатар тұрғындарға қолды үнемі жуу, бөлмелерді желдету және ауру белгілері бар адамдармен мүмкіндігінше байланысқа түспеу ұсынылады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында респираторлық инфекция белгілері байқалған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгініп, өз бетінше емделмеу қажеттігін еске салды.