Оқиға 13 қарашада Алтын Орда ауданындағы Тәуелсіздік даңғылы, 14/1 мекенжайында болған. Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ-ауа қоспасының жарылуынан кейін тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмхана өртенген.

IMG_8517.jpg
фото: aqtobe_sergek

Оқиға салдарынан дәмхананың жапсарлас бөлігі опырылып түсті. Сонымен қатар бес қабатты тұрғын үйдің терезе конструкцияларына зақым келген.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 45 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды. Өрт толықтай сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Олар медициналық мекемеге жеткізілді. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.