Дональд Трамп, Си Цзиньпин және Владимир Путиннің кездесуі осы үш мемлекеттің басшылары арасындағы алғашқы ресми үшжақты кездесу болды. Оның өтетіні туралы бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрлігі хабарлаған.

Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі ядролық қару-жарақты қысқарту болды. Дональд Трамп АҚШ, Ресей және Қытай әлемдегі ядролық қару санын азайту және оны қолдану қаупін төмендету шараларын талқылау үшін бірегей мүмкіндіктерге ие екенін мәлімдеді. АҚШ президенті бұл кездесуді тарихи оқиға деп атады.

Си Цзиньпин келіссөздерді ашу барысында тараптар әлемдегі бейбітшілікті нығайту мәселелерін талқылайтынын атап өтті. Ал Владимир Путин үш мемлекеттің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда ортақ жауапкершілігі бар екенін айтты.

abcnews.com2.avif
фото: abcnews

Ядролық қауіпсіздік мәселелерімен қатар, кездесу күн тәртібіне Украина мен Ирандағы қақтығыстар да енгізілді. Бұған дейін Трамп Ресей және Қытай басшыларымен осы жағдайларды реттеу жолдарын талқылауға ниетті екенін айтқан болатын.

Үшжақты келіссөздер алдында АҚШ президенті Си Цзиньпинмен және Владимир Путинмен жеке кездесулер де өткізді. Атап айтқанда, Қытай басшысымен өткен келіссөздерде сауда, экономикалық байланыстар және халықаралық жағдай талқыланды.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, сарапшылар бір кездесудің нәтижесінде ядролық қарусыздану мәселесінде ауқымды өзгерістер болады деп күтпейді. Материал жарияланған сәтте үшжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша нақты келісімдерге қол жеткізілгені туралы хабарланған жоқ.