Сонымен қатар, тағы 23 195 қазақстандық банкроттық рәсімінен өтіп жатыр. Олардың жалпы қарызы 134,5 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2023 жылдың наурыз айынан бастап азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң қолданыста. Заң қарызын өтеуде қиындықтарға тап болған азаматтарға қаржылық міндеттемелерін реттеуге мүмкіндік беретін бірнеше рәсімді қарастырады.

Алайда банкрот деп танылудың белгілі бір салдары бар:

  • Бес жыл ішінде азаматтарға жаңа банктік несие мен микрокредит алуға шектеу қойылады.

  • Банкроттық рәсімінен қайта өтуге жеті жылдан кейін ғана рұқсат етіледі.

  • Үш жыл бойы азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.