Қазгидромет синоптиктері 12–14 тамыз аралығына Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Астана
12 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13°, күндіз +26…+28° болады.
13 тамызда ауа температурасы +28…+30°-қа дейін көтеріледі.
14 тамызда күн жылына түсіп, түнде +16…+18°, күндіз +32…+34° болады.
Алматы
12 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +34…+36° болады.
13 және 14 тамызда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +23…+25°, күндіз +35…+37°-қа дейін жетеді.
Шымкент
12 тамызда жауын-шашын болмайды, күндіз ауа температурасы +38…+40° болады.
13 және 14 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа +40…+42°-қа дейін жылынады.
Осылайша, алдағы үш күнде ең жоғары температура Шымкентте күтіледі.





