Компанияның ресми мәлімдемесінде директорлар кеңесі бірнеше кездесу мен талқылаудан кейін Хуангты қызметіне қайтару туралы шешімді бірауыздан қолдағаны айтылған. Nvidia өкілдерінің сөзінше, олар оның ашықтығына және компанияны әрі қарай басқару қабілетіне көз жеткізген.
Бұған дейін Хуанг некеден тыс қарым-қатынасы туралы жарияланымдардан кейін қызметінен кеткен болатын. Олардың арасында Қытай барлау қызметімен байланысы болуы мүмкін деп америкалық дереккөздер күдіктенген кәсіпкер Элис Хуангпен қарым-қатынасы да аталды. Бұл ақпарат Nvidia қызметіне және ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіптерге қатысты елеулі сұрақтар туғызды. Алайда тыңшылық фактісі дәлелденген жоқ.
Хуанг кеткеннен кейін компанияның қаржы директоры Колетт Кресс бас директордың міндетін уақытша атқарды.
Хуангтың қызметіне қайта оралуын АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдады. Ол Nvidia директорлар кеңесін кәсіпкерді қызметіне қайтаруға өзі көндіргенін мәлімдеді. CNBC арнасына берген сұхбатында Трамп: «Мен оларды көндірдім. Бұл келісімді мен жасадым», – деді.

Хуангтың қызметіне қайта оралуы аясында 23 қарашадағы сауда сессиясында Nvidia акциялары 31,5%-ға өсті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, компанияның нарықтық құны шамамен 1 триллион долларға артты.
Сонымен қатар, шетелдік барлау қызметінің ықтимал араласуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Nvidia ұлттық қауіпсіздік пен экспорттық бақылау мәселелері бойынша жеке комитет құрылғанын, сондай-ақ заң талаптарының сақталуын қадағалайтын жаңа директор іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Хуангтың өзі компания басшылығына қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, директорлар кеңесіне көрсеткен сенімі үшін алғыс білдірді.





