12 тамыз күні сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 464,93 теңге болды. Бұл туралы Kapital.kz хабарлады.

Kurs.kz мәліметінше, айырбастау орындарындағы доллардың ең жоғары сату бағамы:

  • Астанада — 469 теңге;

  • Алматыда — 468,5 теңге.

Қазақстан Ұлттық банкінің 12 тамызға белгілеген ресми бағамы 1 доллар үшін 465,74 теңгені құрайды.

Теңгенің долларға қатысты келесі күнге арналған ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижелері бойынша белгіленеді.