Құжатқа сәйкес, қолдау кабинеті төрт функционалдық аймаққа бөлінеді. Бірінші аймақ педагогпен оқу сабақтарын өткізуге, екіншісі жеке жұмыс жүргізуге және арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге арналған. Үшінші аймақта шағын топтық және топтық сабақтар өткізіледі.

Сондай-ақ сенсорлық реттеуге арналған жеке аймақ қарастырылған. Ол балалардың білім беру процесіне қатысуына кедергі келтіретін эмоционалдық, мінез-құлықтық және басқа да жағдайлар туындаған кезде қысқа мерзімді қолдау көрсетуге арналған.

Кабинеттердегі сабақтар білім беру ұйымының басшысы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі. Кестені құру кезінде сабақтардың уақыты, өткізілу реті, сондай-ақ қажетті психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұны мен көлемі ескерілуі тиіс.

Өзгерістер 2026 жылғы 28 қарашадан бастап күшіне енеді.