Белл саяхатын 2025 жылдың қараша айында Перудің Лима қаласынан бастаған. Оның бағыты мұхиттағы ескек есу тарихындағы ең күрделі маршруттардың бірі саналады: алдымен Тынық мұхитын кесіп өтіп, кейін Торрес бұғазы арқылы өтіп, Үнді мұхиты арқылы Маврикийге дейін жету.

Теңіздегі бақылау жүйелері мен мамандандырылған басылымдардың мәліметінше, ол алты айдан астам уақыт бойы құрлыққа шықпай және сырттан ешқандай көмек алмай жолын жалғастырып келеді. Қазір ескекші Маржан теңізі (Корал теңізі) маңында болып, Аустралияға жақындап қалған.

Экспедиция барысында Белл көптеген қиындықтарға тап болды. Бірнеше рет қатты дауылға ұшырап, апталап қайықтың каютасынан шыға алмай қалған. Сонымен қатар ұзақ уақыт қозғалыссыз отырғандықтан тері мәселелері, клаустрофобия және навигациялық қауіпсіздікке жауап беретін AIS-трекердің істен шығуы секілді техникалық ақаулармен де бетпе-бет келген.

Соған қарамастан ол сапарын тоқтатпай, алға қарай жылжуын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда Белл осындай ұзақ мерзімді мұхиттық жеке экспедицияны жалғастырып жатқан жалғыз спортшы саналады.

«Мұхиттағы алғашқы күндердің бірі болды, сол күні шынайы тыныштық пен қанағат сезімін сезіндім. Ескек есуге ең қолайлы жағдай болмағанымен, сол күнді қалай болса солай қабылдадым. Ештеңені көп ойламай, тек алға қарай қозғалып келемін», — деп жазды Белл.

Егер Дэйв Белл Маврикийге дейінгі бағытын құрлыққа шықпай және сырттан көмек алмай аяқтаса, ол тарихтағы ең ұзақ үздіксіз жеке мұхиттық ескек есу рекордын жаңартады.