Астанада «Бүгін кешке қайда барамыз?» деген сұраққа жауап табу бір жағынан оңай, екінші жағынан қиындай түсті. Себебі қалада жаңа форматтағы мейрамханалар мен демалыс орындары көбейіп келеді.
Бірде тыныш кешкі ас ішкіңіз келсе, енді бірде достармен музыка тыңдап, коктейль ішіп отырғанды қалайсыз. Ал кейде үлкен компанияға арналған немесе ерекше кеш өткізуге болатын орын қажет. Осыған орай елордадағы концепциясы мен атмосферасы әртүрлі орынды жинадық.

SHISHKA ALPHA — кешкі ас пен музыка бір жерде
SHISHKA ALPHA заманауи асхана, авторлық бар және музыкалық бағдарламаны бір кеңістікте біріктіреді.
Жанды вокал кештің атмосферасын жандандыра түседі, ал интерьер мен жалпы концепция достармен кездесуге де, кешкі астан кейін демалысты жалғастыруға да мүмкіндік береді.
Мекенжайы: Анет Баба көшесі, 7А
Instagram: @shishka_alpha

SARYN — қазақ асханасына жаңа көзқарас
SARYN концепциясының негізінде заманауи қазақ асханасы, этномәдениет және ұлттық дәстүрлер жатыр.
Ұлттық нақыш интерьерден де, тағамдардың ұсынылуынан да байқалады. Мәзір қазақ гастрономиясындағы таныс дәмдерді заманауи форматта ұсынады. Сондықтан SARYN отбасылық кешкі асқа, елорда қонақтарын шақыруға немесе ұлттық атмосферадағы кездесу өткізуге қолайлы.
Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 55А
Instagram: @saryn.rest

SHISHKA HIGHVILL — әр форматтағы кездесулерге
SHISHKA HIGHVILL — кешті әртүрлі форматта өткізгісі келетіндерге арналған кеңістік. Мұнда екі үлкен залмен қатар жеке VIP-бөлмелер де бар.
Заманауи асхана мен жайлы интерьердің арқасында бұл жерде достармен бас қосуға, шағын мереке ұйымдастыруға немесе жеке форматтағы кездесу өткізуге болады.
Мекенжайы: Байтурсынов көшесі, 1, А блогы
Instagram: @shishka_highvill

CAFETERIA — қала ырғағындағы гастрономия
Mega Silk Way-дағы CAFETERIA мейрамхана мәдениетін, specialty-кофені және заманауи қалалық эстетиканы біріктіреді.
Мәзірдің негізінде еуропалық бағыттағы заманауи тағамдар мен әлемдік гастрономия элементтері бар. Авторлық пісірмелер, десерттер мен кофе картасы концепцияны толықтыра түседі. Сондықтан мұнда кешкі асқа ғана емес, таңғы асқа, кофе ішуге немесе асықпай кездесуге де келуге болады.
Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 62, Mega Silk Way СОО
Instagram: @cafeteria.kz

OBLAKO — Астанаға биіктен қарағыңыз келсе
OBLAKO — елорданың орталығындағы панорамалық көрінісі бар лаунж-бар. Жылы маусымда мұнда жазғы терраса да жұмыс істейді.
Мәзірде еуропалық, азиялық және италиялық тағамдар ұсынылады, ал бар картасында авторлық коктейльдерге басымдық берілген. Кешке жанды музыка, DJ-сеттер мен түрлі бағдарламалар басталып, кеңістік мүлде басқа ырғаққа ауысады.
Мекенжайы: Қонаев көшесі, 33, «Астаналық» БО
Instagram: @oblako.astana

PIRO — отта дайындалған тағамдар
PIRO концепциясының басты элементі — от. Мұнда ет ашық отта дайындалады, ал мейрамхананың жалпы атмосферасы қонақжайлық пен жайлы кеш идеясына құрылған.
Бұл жерді кешкі астың өзін басты оқиғаға айналдырғыңыз келгенде таңдауға болады. Достармен кездесу, отбасылық кеш немесе романтикалық кездесу үшін де ыңғайлы формат.
Мекенжайы: Сарайшық көшесі, 34/7
Instagram: @piro.rest

«Дареджани» — грузин асханасы мен қонақжайлығы
Грузин асханасы — мол дастарқан, ұзақ әңгіме және жақын адамдармен бірге өткізген уақыт. «Дареджани» осы дәстүрлі атмосфераны заманауи форматпен үйлестіреді.
Мұнда достармен кездесуге, отбасылық кешкі ас ұйымдастыруға, кездесуге немесе мерекелік басқосуға болады.
Мекенжайлары:
Қабанбай батыр даңғылы, 62, Mega Silk Way СОО
Қабанбай батыр даңғылы, 34
Instagram: @daredzhani

AHÓ — ерекше атмосфера іздейтіндерге
AHÓ-да авторлық асхана, коктейль мәдениеті, музыка және перформанстар бір концепцияға біріктірілген.
Мұндағы интерьерден бастап кешкі бағдарламаға дейін өзіндік стиль сезіледі. Сондықтан бұл жер тыныш кешкі астан гөрі эмоциясы мен атмосферасы басым кешті қалайтындарға көбірек сәйкес келеді.
Мекенжайы: Ақмешіт көшесі, 1/1
Instagram: @aho.astana

DEL PAPA — Mega Silk Way-дағы италиялық атмосфера
DEL PAPA — италиялық асхананы ұнататындарға арналған әмбебап нұсқа. Мәзірден пицца, паста, таңғы ас пен десерттерді табуға болады.
Мұнда таңды асықпай бастауға, саудадан кейін достармен кездесуге немесе отбасымен жайлы кешкі ас ішуге болады. Кеңістіктің өзі де италиялық қалалық мейрамхананың жеңіл атмосферасын жеткізуге бағытталған.
Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 62, Mega Silk Way СОО
Instagram: @del_papa

BAOLI HIGHVILL — кешкі ас, терраса және караоке
BAOLI HIGHVILL бірнеше демалыс форматын бір жерде ұсынады. Жазғы террасада кешкі ас ішуге немесе караокесі бар VIP-бөлмелерде достармен уақыт өткізуге болады.
Мәзірде стейктермен қатар ұлттық, еуропалық және шығыс асханасының тағамдары бар. Сондықтан бұл жер үлкен компаниямен жиналып, кешті бір жерде жалғастырғысы келетіндерге ыңғайлы.
Мекенжайы: Байтурсынов көшесі, 9, F2 блогы, Бейбітшілік және келісім сарайына қарама-қарсы
Instagram: @baoli.highvill

BEER&GRILL — ет, гриль және жанды музыка
BEER&GRILL — ет тағамдарын және еркін атмосфераны ұнататындарға арналған орын. Мәзірдің басты бағыттарының бірі — стейктер мен мейрамхананың өзінде дайындалатын авторлық шұжықтар.
Жеке отырыс үшін VIP-бөлме қарастырылған, ал жұма және сенбі күндері жанды музыка кештің көңіл күйін толықтырады. Достармен кездесіп, асықпай ұзақ отыруға қолайлы формат.
Мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы, 17
Instagram: @beer_and_grill.astana

NOIR ASTANA — мерекелік көңіл күй үшін
NOIR ASTANA-да ас мәзірімен қатар кештің атмосферасына да ерекше мән беріледі. Әсіресе жұма мен сенбі күндері мұнда мерекелік көңіл күй қалыптасып, қарапайым кешкі ас кешкі бағдарламаның бір бөлігіне айналады.
Үлкен компанияларға 25 адамға дейін сыятын VIP-бөлмелер, ал жеке атмосфераны қалайтындарға пердемен бөлінген үстелдер қарастырылған. Тағамдардың әдемі ұсынылуы мен кеңістіктің өзіндік стилі бұл орынды достармен кездесуге де, ерекше күнді атап өтуге де қолайлы етеді.
Орналасқан жері: Ақмешіт пен Сарайшық көшелерінің қиылысы маңы
Instagram: @noir.astana

PILIGRIM — Қазақстанды гастрономия арқылы танытатын кеңістік
PILIGRIM жергілікті мәдениет пен дәстүрге заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Мұнда ұлттық сарындар жаңа форматта ұсынылып, гастрономия Қазақстан туралы үлкен әңгіменің бір бөлігіне айналады.
Мейрамхананың концепциясы тек тағамдармен шектелмейді. Кеңістік, өнер, табиғат, тарих пен мәдениет элементтері бір-бірімен үйлесіп, Қазақстанның заманауи бейнесін ашады. Бұл жай ғана кешкі ас емес, таныс дүниелерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік беретін гастрономиялық тәжірибе.
Мекенжайы: Самал шағынауданы, 12
Instagram: @piligrim.astana
Астанада әр кештің өз орны бар
Жақсы кеш үшін міндетті түрде ұзақ жоспар құрудың қажеті жоқ. Кейде сол сәтте не қалайтыныңызды анықтау жеткілікті: асықпай кешкі ас ішу, жанды музыка тыңдау, ұлттық тағамдарды жаңа қырынан тану, қаланың көрінісін тамашалау немесе достармен көңілді уақыт өткізу.
Ең бастысы — кешті қандай көңіл күйде өткізгіңіз келетінін анықтау. Астанада соған сай орын табуға мүмкіндік жеткілікті.

