Бурабайға демалуға келген отбасының демалысы жағымсыз жағдаймен аяқталды. Туристердің айтуынша, көлде шомылып жүрген кезде алдымен жағымсыз иіс сезілген, кейін су бетінде лас қалдықтар пайда болған.

Оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдар sinegor.kz Instagram-парақшасында жарияланды. Куәгерлердің мәліметінше, жағдай жергілікті шипажайлардың бірінің жағажайында болған. Алдын ала болжам бойынша, бұған тазарту жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін.

Желіде тараған кадрлар қазақстандықтардың қызу талқысына түсті. Пікір қалдырғандар Бурабайдағы экологиялық жағдай мен туристік инфрақұрылым мәселесін қайта көтеріп, бұл проблеманың бұрыннан бар екенін айтты.

Кейбір өңір тұрғындары бұл көлде көп жылдан бері шомылмайтындарын жазса, енді бірі табиғатты қорғау мен су айдындарының тазалығын бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.